7 қаңтар - Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны қабылданды.
11 қаңтар - "Қазақстан Республикасының әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы"жарияланды.
31 қаңтар - "Самұрық "ұлттық холдингтік компаниясы "АҚ құру туралы" жарлық шықты. Оны құруға Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың өзі бастамашы болған. Сауат Мыңбаев холдинг төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
13 Ақпан - Cағат 11:40-та Алматы облысының Талғар ауданында "Көктөбе" кенті мен "12 бригада" кенті арасында ауылдық жол жиегінен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі мен күзетшісінің мәйіттері табылды.
сәуір - Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкері ел президентінің Астанадағы кортежіне соғыла жаздады. 10 күннен кейін ғана ҚР СІМ жол полициясының командаларына бағынбаған дипломатқа шара қолдануды сұрап, американдық тарапқа нота жіберді.
12 сәуір - Қазақстанда Egov электрондық үкіметі іске қосылды.
18 маусым - 4 сағат 44 минутта ғарыш айлағының 200-ші алаңынан "Протон-К" зымыран тасығышы ұшырылды, оның бортында Қазақстанның алғашқы ғарыш спутнигі болды.
4 шілде - "Асар" партиясының кезектен тыс съезі өтті, онда "Отан" республикалық саяси партиясымен бірігу туралы шешім қабылданды.
қыркүйек - "Қазақтелеком" басшысы Қайрат Кәрібжановтың жалақысы айына 365 мың долларды құрады. Ал 2005 жылдың қорытындысы бойынша бонустармен бірге оның шотына 1,7 млн доллар түсті. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев шенеунікті жұмыстан шығаруды тапсырды және оны заңсыз алынған ақшаны қазынаға қайтаруға міндеттеді.
12-13 қыркүйек - ҚР астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші съезі өтті. "Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік" II Съездің тақырыбы осылай айтылды.